|
Түркияда палубаға негізделген Bayraktar TB3 сынақтан сәтті өтті (видео)
|
Түркияның Baykar компаниясы кесенің қысқа жолақты ұшу-қону алаңына лайықталған Bayraktar TB3 ұшқышсыз ұшу аппаратын сынақтан сәтті өткізді. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жарияланған бейнеде палубаға негізделген ұшқышсыз ұшақтың ұшу-қону жолағында қозғалысы көрсетілген. Бұл жолғы сынақ ұшқышсық ұшақтың электрлі қондырғысының жер бетіндегі қозғалысы кезіндегі жұмысын тексеруге арналған. Bayraktar TB3 барлау және соққы беру тапсырмаларын орындауға арналған. Кеменің тар кеңістігіне шақталып құрастырылғандықтан дрон жиналмалы қанатпен жабдықталған. Ұшқышсыз ұшақ әмбебап, десанттық кеменің әуе тобының бөлігіне айналуы мүмкін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...