Түркияда отбасын құрғысы келетіндер азайып, ажырасқандар қарасы көбейген
Түркияда отбасын құрғысы келетіндер азайып, ажырасқандар қарасы көбейген
20 күн бұрын 388 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Turkstat дерегіне қарағанда, өткен жылы (2025) Түркияда неке қидырғандар саны азайып, ажырасқандар қарасы көбейген. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тіркелген некелер саны бір жыл бұрынғы (2024) 570 000-ға қарағанда 552 000-ға дейін азайды. Некелесудің жалпы коэффициенті мың адамға шаққанда 6,43-ті құрады. Ажырасулар саны 2024 жылы 189 000-нан 2025 жылы 194 000-ға дейін өсті, ал ажырасу коэффициенті мың адамға шаққанда 2,26-ға артқан. Алғаш рет отбасын құрушылардың орташа жасы екі жыныста да ұлғайып келеді: ерлер алғаш рет орта есеппен 28,5 жаста, әйелдер - 26 жаста үйленеді. Ерлі-зайыптылардың арасындағы айырмашылық шамамен 2,5 жылды құрайды. Жергілікті тұрғынмен некелескен шетелдіктер қатары сиреген. 2025 жылы: - 5300 шетелдік күйеу бала (барлық күйеу баланың 1%) Түркияда некеге тұрды; олардың арасында көбінесе Сирия, одан кейін Германия және Ауғанстан азаматтары бар. - шетелдік қалыңдықтар барлық қалыңдықтың 5% -ын құрады; бірінші орында - Сирия, одан кейін Өзбекстан және Марокко азаматтары. Ажырасудың 34% -ы некенің алғашқы 5 жылында, 20,3% -ы - 6 және 10 жылдар аралығында орын алған.

0 пікір
Мұрағат