Түркияда жұмыс істейтін қазақстандық компаниялар саны белгілі болды
Түркияда жұмыс істейтін қазақстандық компаниялар саны белгілі болды
2 сағат бұрын 36 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2024 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша Түркия аумағында қазақстандық капиталы бар 34 компания жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш өткен 2023 жылғы осы мерзімдегі компаниялар санына шаққанда 25-ке кем. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Түркияның сауда және өнеркәсіп палатасына жөн сілтеген TurkicWorld (түріктердің медиа платформасы – ред.) дерегіне сүйенген Тrend.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Егер есепті кезеңде Түркияда тіркелген қазақстандық компаниялардың жалпы капиталы 32 млн 800 мың түрік лирасын құрады, ал 2023 жылдың осындай кезеңінде бұл көрсеткіш 175 млн 805 мың түрік лирасын құраған», - делінген TurkicWorld хабарламасында. Бүгінде қазақстандық компаниялардың дені (22 компания, олардың жалпы капиталы – 12 млн 400 мың түрік лирасына жеткен) Стамбұл мегаполисінде жұмыс істеп жатыр.

0 пікір
Мұрағат