Түркияда инфлюенсердің әлемжелідегі жарнамасына бақылау күшейтіледі, балгерлерге толық тыйым салынады
Түркияда инфлюенсердің әлемжелідегі жарнамасына бақылау күшейтіледі, балгерлерге толық тыйым салынады
8 күн бұрын 484 Материалды көшіріп басқанда Islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияның сауда-саттық министрлігі инфлюенсерлердің әлеуметтік желідегі жарнамасына бақылауды күшейтетін ереже әзірлеп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оқырманға түсінікті болу ыүшін инфлюенсер терминінің мағынасын аз-кем тарқата кетпекпіз: әдетте әлемжеліде біршама аудиториясы (көрермені, оқырманы, тыңдарманы) бар тұлға. Ол блогер болуы мүмкін немесе белгілі бір саланың сарапшысы болуы ықтимал, ең бастысы – адамдар тобына сөз өтетін, ықпалы жүретін белсенді ретінде сипатталады. Бұл тараптағы регламентте ондай тұлғалардың жасанды зерде мүмкіндіктерін белгілі бір мөлшерде пайдалануы қарастырылған, сондай-ақ, балгерлікті дәріптеуге, заңсыз ойынды насихаттауға қатаң тыйым салынған. Түркия билігі мұндай шектеу шарасына тұтынушылар тарапынан арыз-шағымның көбейгеніне байланысты барып отыр. Осылайша алдағы уақытта инфлюенсердің жарнамасын белгілеудің стандартты ережесі енгізілмек. Аталмыш жобаға сәйкес жарнама материалы немесе мазмұны нақты коммерциялық контент ретінде белгіленуі керек. Көлік және инфрақұрылым министрі Әбдіқадыр Оралұлының айтуынша, 86 миллионға жуық халқы бар Түркияда мамыр айындағы статистикалық дерек бойынша елдегі әлеуметтік желіні пайдаланушылар саны 58,5 млн адамға жеткен. Аудиторияның өсуі өз кезегінде инфлюенсерлерде жарнама нарығының қарқынды ұлғаюына ықпал етеді. Ресми мәліметке қарағанда, бұл сегментте жарнамалық шығын мөлшері 2025 жылы 81,2 млн долларға жеткен, ал орташа жылдық өсім - 2030 жылға дейін 15,25%-ға артып отырады. Осы он жылдың соңына таман бұл нарық шамамен 165,1 млн долларға дейін ұлғаюы мүмкін. Жобада, сондай-ақ, «жеңілдікпен» немесе «тиімді» деген сөздері бар жарнамалық акцияларда пайыздық мөлшерлемелер немесе пайда мөлшері нақты көрсетілуге тиіс екендігі жазылған. «2 бағасы бойынша 3-уін ал» немесе «біреуін сатып ал - біреуін тегін ал» сияқты науқандардың басталу және аяқталу мерзімдері нақты белгіленуі тиіс. Тауар қоры шектеулі кезінде бұл талап тікелей орындалуы керек, ал жеңілдіктер акция басталғанға дейін соңғы 10 күннің ең төменгі бағасына негізделуі тиіс. Жобада сүзгілерді, жасанды интеллект құралдарын және цифрлы кейіпкерлерді қолдану туралы ақпаратты ашу бағытындағы міндеттер енгізуді ұйғарылған. Егер АІ (жасанды зерде) тауардың сыртқы түрін өзгерту үшін пайдаланылса, инфлюенсерлер көрсетуі тиіс. Адам немесе оның АІ көшірмесі (сыңары) өнімді жеке өзі пайдаланып көрді немесе мақұлдады, деген жаңсақ әсер қалдыратын жарнамаға тыйым салынады. Бұдан бөлек, балгерлер мен көріпкерлерге, жұлдызшыларға өз қызметін насихаттауға  немесе жарнамалауға толық тыйым салынады. Бұған қоса, қандай да бір қоспаның асты алмастыра алатыны немесе қандай да бір ауруға ем болатыны турасындағы мазмұнды қамтитын жарнамаларға басы-бүтін тыйым салынған. Жоба Түркия халқының цифрлы ортаға көбірек көңіл бөлее бастаған сәтінде дайындалған. «Freedom House» индексінің мағлұматы бойынша Түркия соңғы 15 жылда интернеттегі еркіндік деңгейі ұзақ уақытқа құлдыраған бес елдің бірі болды. Аталмыш ұйым Түркияға 100-ден 31 балл беріп, өзге де бағаланған 72 елдің төменгі сегментіне жатқызған болатын.

Турция разрабатывает новые правила для рекламы инфлюенсеров, запрещает продвижение гаданий и нелегальных ставок | МК-Турция

0 пікір
Мұрағат