Түркияда халық жасақшыларына күдіктіні “жеңіл-желпі тінту” құзыреті берілді
Түркияда халық жасақшыларына күдіктіні “жеңіл-желпі тінту” құзыреті берілді
2 сағат бұрын 35 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияда аудандық халық жасақшыларына (bekçi) күдік тудырған тұлғаны шектеулі тінту процедурасын жүргізуге рұқсат беретін ереже қолданысқа енді. Бұл жайында islam.kz порталы үкіметтік Resmi Gazete ресми хабаршысына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы түзетулерге сәйкес егер адам өзімен бірге қару немесе қауіпті заттарды алып жүр дейтін күмән тудырса, жасақшылар енді сыртынан тексеруді, дәлірегі, киім сыртынан тексеруді жүзеге асыра алады. Бұл ретте денені немесе көлік құралдарын тексеруді қоса алғанда, толық тінтуге тікелей тыйым салынады. Оларға, сондай-ақ, автокөліктің көзге көрінетін бөліктерін көзбен шолып қарауға рұқсат етіледі, алайда, көліктің ішін және салонын ашып қарауға рұқсат етілмейді. Бұл бағыттағы құжат патрулдеу ережелерін қосымша пысықтаған және кейбір таоаптарды нақтылайды: жасақшылар кемінде екі адам топтанып қызмет атқаруы тиіс. Атыс қаруын қолдануға қауiп төндiретiн жағдайларда ғана жол берiледi. Ықтимал қауіптің алдын алу үшін ескерту белгілерін жасақшылар өз қалауына қарай қолданады: қызметкерлер ысқырықты құқықтың бұзылуына жол бермеу мақсатында және тежеу құралы ретінде мезгіл-мезгіл пайдаланатын болады. Түркиядағы аудандық жасақшылар институты түнгі патрулдеу мен қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған құқық қорғау жүйесінің жеке бөлімшесі ретінде танылған.

0 пікір
Мұрағат