Түркияда бір жауқазынның құны бір автокөліктің құнына теңестірілді
Түркияда бір жауқазынның құны бір автокөліктің құнына теңестірілді
4 жыл бұрын 3028 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияның ұлттық бағындағы жауқазынды жұлғандарға салынатын айыппұл мөлшері биыл 80 465 лирге дейін өсті. Ал бұрын мұндай өсімдікті жұлғандарға салынатын айыппұл мөлшері 73,7 мың лир болатын. Егер жауқазынды коммерциялық мақсатта жұлса, айыппұл мөлшері екі есе артады. Бұл жайында islam.kz порталы түрік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жауқазын аталған елде ерекше қорғауға алынған. Қоршаған ортаны қорғау туралы заң негізінде. Неге жауқазын? Өйткені, жауқазын түріктердің халық медицинасында кеңінен қолданылады. Дәлірегі, аталған өсімдік полиомиелитті және Альцгеймер ауруын емдеуде көп көмегін тигізеді деп есептейді. Осыған байланысты жауқазын Түркияда жойылудың алдында тұр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Түркия аумағында тек жауқазын ғана емес, сонымен қатар, лотос та ерекше қорғауға алынған гүлдердің бірі. Аталған өсімдікті жұлғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері 73 мың лирді қалтаңыздан санап беруге тура келеді. Егер оны ұлттық бақтан жұлсаңыз, 146 мың лирге дейін айыппұл салынады.

0 пікір
Мұрағат