Түркияда әуеден соққы беретін жаңа авижүйе құрастырылды (видео)
|
Дрон бір ұшқанда ұшып бара жатып тастауға арналған 4 минаны алып жүре алады. Бұл ұшқышсыз ұшатын аппарат сағатына 100 шақырымға дейін қозғалады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде TÜBITAK қорғаныс өнеркәсібіне және зерттеу институтына жөн сілтеген түріктердің бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Cargo-150 дроны 81-мм минометті оқтұмсақтармен кіріктірілген. 150 келі салмаққа дейінгі жүкті алып жүре алатын әрі 3 шақырым биіктікке дейін көтеріле алатын, 40 шақырымға дейінгі радиуста әрекет ете алатын, тек күндіз ғана емес, сонымен қатар, түн қараңғысында да жаудың нысанасын таба алатын камерамен жабдықталған, DASAL Aviation Technologies түрік компаниясы құрастырған аталған әскери мақсаттағы аппараттың ұзындығы – 4,6 метр, биіктігі – 2,2 метр.