Түркияда алғаш рет климаттық заң жобасы әзірленді
Түркияда алғаш рет климаттық заң жобасы әзірленді
9 ай бұрын 1386 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Билік басындағы әділеттілік және даму партиясы парламентке климаттың өзгеруіне қарсы күресті институциялдандыруға бағытталған алғашқы заң жобасын ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң жобасын әзірлеудегі мақсат 2053 жылға қарай атмосфераға бөлінетін парниктік газдардың мөлшерін азайтуға және Түркия экономикасын экологиялық жағынан сауықтыруға саяды. Заң жобасы жоспарлау және іске асыру құралдарын реттейтін болады. Заң жобасы шеңберінде көміртегі нарығы бойынша кеңес және парниктік газдардың атмосфераға бөліне квоталар сату жүйесін (ETS) құру ұсынылады. ETS және көміртегі нарығы жөніндегі кеңесті қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрлігі ашады. Парниктік газдарды атммосфераға бөлу квоталары капитал нарығының құралдары болып саналады, ал климаттың өзгеруі жөніндегі департамент климатқа қолайлы инвестицияларды қаржыландыру үшін кіріс алатын болады. Белгіленген мерзімде атмосфераға қаншалықты парникті газ бөлгені жөніндегі есепті бермеген ұйым немесе кәсіпорынға 500 лирадан 5 млн лираға дейін айыппұл салынады. Ал жыл сайын мұндай есеп бермеген кәсіпорынға 1 млн-нан 10 млн лираға дейін айыппұл салынады.

0 пікір
Мұрағат