Tүркия ядролық жобаны ресейліктермен бірге жүзеге асырудан бас тартты
Tүркия ядролық жобаны ресейліктермен бірге жүзеге асырудан бас тартты
7 жыл бұрын 2624 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түріктердің Cengiz-Kolin-Kalyon (CKK) консорциумы Түркия аумағындағы «Аққұй» атом электр стансасы жобасына қатыспайтын болды. Коммерциялық себептермен. Яғни, аталмыш жобаны жүзеге асыруға байланысты қаржы аспектісінде келіспеген. Бұл жайында түріктердің «Анадолы» ақпарат агенттігі хабар таратты. Айта кету керек, өткен жылдың мамыр айында Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин Түркияның «Аққұй» атом электр стансасы құрылысына құятын ресейлік инвестиция мөлшері 22 млрд долларды құрайтынын мәлімдеген болатын. 2017 жылдың шілде айында «Росатом» мен түріктердің үш компаниясының (Cengiz, Kolin и Kalyon) консорциумы «Аққұй» АЭС-тегі СКК-ның 49 пайызын беру туралы алдын ала келісімге келген еді. Естеріңізге сала кетейік, Ресей Федерациясы мен Түрік Республикасының билігі Түркияның Мерсин провинциясы аумағында «Аққұй» АЭС-н салу және пайдалану турасында 2010 жылы келісімге келген болатын. Аталған жобада ресейлік реактор орналастырылатын төрт энергоблок құрылысы қарастырылған. Әр реактордың қуаты 1200 мегаватт. Бұл стансаны 2023 жылы іске қосу да жоспарланған болатын.

0 пікір
Мұрағат