|
Түркия түркі тілдес елдердің азаматтарына жұмысқа тұру процедурасын жеңілдетті
|
Түркияда түркі мемлекеттері азаматтарының жұмысқа тұруын жеңілдететін президент жарлығы күшіне енді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Turkmenportal ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа ереже талаптарына сәйкес Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан азаматтары қарулы күштер мен қауіпсіздік қызметтерінен өзге мемлекеттік және жекеменшік ұйымдар мен құрылымдарда еш кедергісіз жұмысқа тұра алады. Аталған ел аумағында жұмысқа тұру үшін Түркия азаматтығын алу қажеттілігі болмайды. Жұмысқа тұру рұқсатын еңбек және әлеуметтік қорғау жөніндегі министрлік ішкі істер және сыртқы істер министрліктерінің пікірімен келісе отырып береді. Жұмысқа тұрғысы келген түркі елінің азаматтының Түркия аумағында тұруға ықтиярхаты болуы керек. Бұдан бөлек, білімін біліктілігін растайтын құжаты, сондай-ақ, өз отанында заңға қайшы әрекетімен көзге түспегені керек. Бұған қоса, түркі елдерінің азаматтары кәсіби бірлестікке тіркелуі тиіс. Осындай талаптарды орындаған түркі елінің азаматтары Түркия азаматтарымен бірдей кәсіби бірлестік мүшелерінің барлық құқығына ие болады. Тек сайлауда дауыс бере алмайды және кәсіби ұйымдардың басшылық құрамына кіре алады.