Түркия төлемі 200 доллардан асатын сауда ережесін қатайтады
Түркия төлемі 200 доллардан асатын сауда ережесін қатайтады
4 ай бұрын 952 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркияның салық басқармасы салық заңнамасына белгілі бір сомаға дейін қолма-қол ақшамен есеп айырысуға шектеу қоятын түзетулер дайындады. Бұл заңнамалық бастама аталмыш департаменттің ресми сайтында көрініс тапты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ТАСС ақпарат агенттігіне жөн сілтеген Islam-Today сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, салық басқармасы құны 7 мың түрік лирасынан (қазіргі долларға шаққандағы айырбас бағамы бойынша 205 доллар) асатын тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақша төлеуге шектеу енгізеді. Бұл бағыттағы түзетулер қабылданған жағдайда жеке және заңды тұлғалар белгіленген шекті мәннен асатын сомадағы төлемдерді қолма-қол ақшасыз әдіспен жүзеге асыруға міндетті. Мұндай опцияларға банк карталарын пайдалану, аударымдар жатады, соның ішінде төлемдер мемлекеттік пошта немесе осы операцияларды жүргізуге құқығы бар ресми делдалдар арқылы жүзеге асырылатыны атап өтілген. Сауда-саттық ережесінде қарастырылған талаптарды бұзған сатып алушыларға немесе тұтынушыларға ірі мөлшерде айыппұл салынады. Бастамада тәртіп бұзушы кемінде 5 мың лира (146 доллардан астам) немесе сатып алынған бұйымның немесе қызмет ақысының 10 пайызын төлеуі керек. Тұтынушы бес күн ішінде салық қызметіне ереже талаптарын бұзғанын хабарласа, айыппұл салынбайды. Түркия билігінің пікірінше, бұл шара сатып алушы мен сатушы арасындағы қаржылық қатынастардың ашықтығын арттырады, сондай-ақ, салық жинау процесін оңтайландырады. Түркия билігі бұған дейін салық департаменті бақылайтын операциялардың үлесі айтарлықтай жоғары екенін атап өткен еді.

0 пікір
Мұрағат