Түркия тігінен ұшып-қонатын Bayraktar VTOL ұшқышсыз ұшағын сынақтан сәтті өткізді (видео)
|
Түріктердің Baykar Makina компаниясы Bayraktar желісінің жаңа ұшқышсыз ұшатын аппаратын сынақтан өткізді сәтті. Бұл жайында islam.kz порталы Twitter әлеуметтік желісіндегі аталмыш компанияның парақшасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құрылғы «ұшатын қанат» дизайнын және тік ұшып көтерілуді және қонуды қамтамасыз ететін әрқайсысында екі винті бар екі көлденең тірекке ие болды. Сынақ ұшуы кезінде Bayraktar VTOL дронының шамамен 2,5 шақырым биіктікке көтеріле алғаны атап өтілді. Бейнеде құрылғының ұшу-қону жолағынан тоқтап тұрған кезде, үдеусіз қалай көтерілгені, содан кейін аман-есен қонғаны көрсетілген. Тактикалық деңгейдегі дронның автономды және жартылай автономды ұшу режимдері бар, барлау және бақылау тапсырмаларын орындай алады. Baykar Makina компаниясы 2023 жылы Bayraktar VTOL ұшқышсыз ұшатын аппаратын түрік қарулы күштерінің пайдалануына беруді жоспарлап отыр. Ол елдің әскери-теңіз күштерінің Anadolu флотының флагманына негізделеді.