Түркия тарихында тұңғыш рет қазақ қызы cот болып сайланды
|
Бұл жайында muslim.kz ақпарат көзі хабар таратты. Кәмшат Игіт сот сынақтарынан сүрінбей өтіп, лауазымды қызметке ие болды. Енді ол Түрік елінің оңтүстік бөлігінде орналасқан Хатай провинциясының Низип ауданының сот мәселелерін қарастыратын болады. Түркияға оқуға келген қазақ қызы осы жақта болашақ жарын кездестіріп отау құрған. Ал, 2010 жылы Түрік елінің азаматтығын алған. Енді мінеки екінің бірінің қолынан келе бермейтін сынақты абыройымен тапсырып, асқақ арманына қол жеткізді.
Қазақстандық турист әйелді Үндістанда бір топ еркек зорлап кетті
Northlines басылымы "Foreigner gang-raped in Delhi"s Karol Bagh, three held” – "Шетелдік әйел Делидегі Кароль Баг аймағында топтық зорлауға ұшырады, үш адам құрықталды” атты жұма күнгі репортажын жариялады.
Бұл туралы NUR.KZ сайты Zonakz.net ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. "Елдің астанасында әйелдің зорлануы жиі орын алатындығын тағы байқатқан оқиғада жас шетелдік турист Кароль Баг қонақүйінде бейсенбі күні кешкі уақытта үш адамның топтық зорлауына ұшырады. Алдын-ала мәліметтерден әйелдің кеше кешкісін Қазастаннан келгендігі және турстиік агент байланысқа шыққаннан кейін әйелді қонақ үйге жеткізуге такси шақырылғаны анықталды", - деп жазады шетелдік басылым. Такси жүргізушісі, туристік агент және оның жақын көмекшілерінің бірі әйелді қонақүйде зорлаған. Бұл әрекеттерінен кейін қылмыскрелер әйелді қорқытып-үркіткен. Оқиғадан кейін өз-өзіне қол жұмсамақшы болған турист таңғы уақытта Sir Ganga Ram Hospital ауруханасына жатқызылды. Дели полициясы үш айыптыны қамауға алып, тергеу амалдарын жүргізуде”, - делінген репортажда. Статистикаға сәйкес, Үндістан саяхаттаушы әйелдер үшін ең қауіпті елдердің бірі болып табылады – әр 20 минут сайын мұнда зорлық орын алады, ал зардап шегушілердің көбі шетелдік туристер екендігі мәлім.