Түркия Ресейдің С-400 зымыранына бәсеке бола алатын өз зымыранын сынақтан өткізді (видео)
Түркия Ресейдің С-400 зымыранына бәсеке бола алатын өз зымыранын сынақтан өткізді (видео)
3 жыл бұрын 6474 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияның бұқаралық ақпарат  құралдары «бөркін аспанға атып», күллі әлемге отандық Siper әуе қорғанысына арналған зымыран жүйесінің жасалғанын жария етіп жатыр. Siper сынақтан сәтті өткен. Бұл жайында islam.kz порталы Hürriyet мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дегенмен түрік қоғамын аталмыш отандық зымыран жүйесінің Ресейдің қаһарлы қаруы саналатын, Солтүстік саяси-әскер альянсқа мүше Түркия мен одақтастарының арасына сына болып қағылған (осыдан екі жыл бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған сараптамалық шолу материалымызда бұл тарапта тарқатып айтып өткенбіз. Қараңыз: «Ресейдің сына қағар қаруы» - https://islam.kz/kk/news/alem/reseidin-syna-qagar-qaruy-11965/#gsc.tab=0) С-400 «Триумф» зениттік зымыран кешеніне бәсекелес бола ала ма, деген сауал толғандырады. Отандық зымыранның сынақтан сәтті өткенін Түркия президенті әкімшілігінің қорғаныс өнеркәсібі хатшылығының жетекшісі Ысмайыл Демір (İsmail Demir) мәлімдеді. Оның айтуынша, алыс қашықтыққа ұшатын зымыранмен Түркияның әскери әуе қорғанысын 2023 жылы қаруландырады. Негізінен бұл зымыран стратегиялық маңызы зор нысандарды қорғау үшін пайдаланылады. Аталмыш жобаны Aselsan, Roketsan және Tübitak SAGE компаниялары бірігіп жүзеге асырған.

0 пікір
Мұрағат