Түркия құлпынай өсіруден Еуропада көш бастады
Түркия құлпынай өсіруден Еуропада көш бастады
4 жыл бұрын 3263 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Түрік фермерлері өткен 2020 жылы 35,8 млн тонна құлпынай жинап, Еуропа елдері арасында көш бастады. Бұл жайында islam.kz порталы Түркияның экспорттаушылар одағының дерегіне жөн сілтеген Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Биыл Түркиядан экспортталатын құлпынай мөлшерін салмағына шаққанда 10 пайызға, ал ақшаға шаққанда 15 пайызға арттыруды көздеп отыр.  Аталмыш одақ келтірген мәлімет бойынша өткен қаңтар айында Түркиядан 1, 056 млрд долларға құлпынай экспортталған. Бұл көрсеткіш оның алдындағы жылдың осы мезгілімен (яғни, қаңтар айымен) салыстырғанда 7 пайызға артық.  Түркия аумағында өсірілген құлпынайдың негізгі тұтынушылары: Израил - 111,057 млн долларға құлпынай импорттаған; Испания - 70,652 млн долларға; ал Ирак - 53,446 млн долларға Түкриядан құлпынай импорттаған екен. Бұдан бөлек, Түркия құлпынайына Еуропа Одағына мүше елдерде сұраныс жоғары. ЕО елдеріне Түркиядан 309,568 млн доллардың құлпынайы жеткізілген. Сондай-ақ, түрік құлпынайы Таяу Шығыс елдерінде де танымал - 234,666 млн доллар. Десе де негізінен әлем бойынша құлпынай өсіруден Қытайдың алдына түскен ел жоқ – әлемдік нарықтағы үлесі 56,5 пайызға жеткен. Түркия өткен жылы құлпынай өсіруден Германияны басып озып, 8-ші орыннан 7-ші орынға көтерілген.

0 пікір
Мұрағат