Түркия қазба байлық үшін ауыл шаруашылық жерлерін “құрбандыққа шалатың” заң қабылдады
Түркия қазба байлық үшін ауыл шаруашылық жерлерін “құрбандыққа шалатың” заң қабылдады
4 ай бұрын 830 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркия парламенті зәйтүн тоғайы деп ресми жіктелген аумақтарда қазбалы байлықты өндіруге рұқсат ететін заңнамалық актілер пакетін мақұлдады. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түркия билігінің бұл қадамы экологиялық ұйымдар мен оппозициялық партия тарапынан қатаң сынға ұшырады. Талас-тартысқа түрткі болған жақын маңдағы жылу электр стансаларын жабдықтау үшін Мугла провинциясының оңтүстік-шығысында зәйтүн өсіретін аудандарда лигнит өндіруге рұқсат бере отырып, қолданыстағы Тау-кен өндіру өнеркәсібі туралы заңға уақытша ереже енгізетін 11-бап болды. Таяуда қабылданған заң Энергетика және табиғи ресурстар министрлігіне егер электр энергиясын өндіру үшін қажет деп тапса және оны басқа жерде жүзеге асыруға келмесе, зәйтүн тоғайларында немесе зәйтүн ағаштары өсіп тұрған жерлерде пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі жобаларды бекіту құқығы берілді. Мұндай жағдайда компанияларға сол провинция немесе аудан шегінде  зәйтүн ағаштарын отырғызуға рұқсат етіледі. Тау-кен өндіру компаниялары пайдалы қазба үшін оталған ағаштардың кем дегенде екі есе мөлшеріне тең жаңа зәйтүн көшеттерін отырғызуға міндетті, осылайша белгілі бір деңгейде экологиялық өтемақыны қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, жер экспроприацияланған жағдайда мемлекет бұрынғы жер иелеріне жер құнының салықтық бағалауынан 1% ретінде айқындалатын мқлшерлеме бойынша 20 жыл мерзімге балама учаскелерді жалға бере алады. Егер жалға алушы өз міндетін жауапкершілікпен орындаса, жалға алу мерзімі 10 жылға ұзартылуы мүмкін. Дегенмен, бұл заң әсіресе, зәйтүн жергілікті халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін оңтүстік және батыс өңірлердегі тұрғындар мен экологиялық ұйымдар арасында наразылық тудырды. Азаматтық қоғам топтары, фермерлер мен оппозициялық партиялар заңның қоршаған орта туралы заңда, Зәйтүн туралы заңда, Ормандар туралы заңда және олармен байланысты Түркия заңдарында көзделген кепілдіктерге нұқсан келтіретінін алға тартып отыр. Бұдан бөлек, наразы топ ұлттық бақтар, сулы-батпақты жерлер және қорықтар сияқты қорғалатын аумақтар пайдалы қазбаларды өндіру аймақтарына айналуы мүмкін деп алаңдап отыр Тағы бір наразылық тудырған ереже бар: егер тиісті мемлекеттік органдар үш ай ішінде экологиялық сараптама сұраныстарына жауап бермесе, тау-кен жобаларын автоматты түрде іске қосуға мүмкіндік береді. Заң үкіметке энергетикалық және тау-кен өндіру қызметін қолдау бойынша қосымша өкілеттіктер мен құзырет береді. Энергетикалық нарықты реттеу басқармасы (EPDK) бұдан былай 2030 жылдың желтоқсан айының соңына дейін жаңғыртпалы энергетика саласындағы жобалар үшін активтерді иеліктен шығару туралы шұғыл өкімдер шығаруға уәкілетті. Сондай-ақ, ішкі энергетикалық ресурстарды пайдалануға арналған жеңілдіктердің қолданылу мерзімі бес жылға ұзартылды. Бұл шара энергия импортын қысқартуға және елдің ағымдағы шотының тапшылығын жұмсартуға бағытталған. Үкімет заңды жаңғыртпалы энергетикаға инвестицияларды жеделдету және жел және күн электр стансаларын салуға рұқсат алу процесін жеңілдету үшін қажетті қадам ретінде қарастырады. Стратегиялық және аса маңызды минералдық ресурстар да басым бағыт болып қала береді, бұл ретте мемлекеттік органдардың жерді жедел сатып алуға және президент жарлығы арқылы өндіруге немесе сақтауға қойылатын талаптарды енгізуге құқығы сақталады. Заң, сондай-ақ, тау-кен компаниялары үшін қатаң ережелер енгізеді. Енді компаниялар геологиялық барлауға лицензия алғанға дейін инвестициялық кепілдіктер беруге міндетті - бұл таоап қаржылық және техникалық жағынан лайықты компанияларға ғана қызмет жүргізу құқығына кепілдік береді. Егер компаниялар өндірудің ең төменгі квоталарын орындамаса, лицензиялар қайтарып алынуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат