Түркия өзінің бесінші буынға жататын жойғыш ұшағын жұртшлық назарына ұсынады
|
Түркияда құрастырылған бесінші буын жойғыш ұшағы алғашқы ұшуын бастапқыда жоспарланғандай 2025 жылы емес, 2023 жылдың соңында жүзеге асырады. Бұл туралы CNN Türk телеарнасының эфирінде Turkish Aerospace Industries жетекшісі Темел Котил мәлімдеді. Оның айтуынша, түріктердің отандық жойғыш ұшағы мерзімінен бұрын құрастырылды. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түркия 2017 жылдан бері өзінің бесінші буынға жататын Hurjet жойғыш ұшағын құрастыру жобасын жүзеге асыруда. Түркияның қорғаныс өнеркәсібі департаментінің басшысы Ысмайыл Темір оның тактикалық және техникалық сипаттамалары бойынша америкалық F-35-тен асып түсетінін бұған дейін хабарлаған болатын. TF-X индексін алған жойғыш жоба түрік әуе күштерінде қызмет ететін F-16 ұшағын ауыстыру үшін жүзеге асырылуда.