Түркия өз баллистикалық зымыранын сынақтан сәтті өткізді (видео)
|
Түріктің әскери мамандары ел қауіпсіздігін жаңа деңгейге көтеретін, жергілікті қорғаныс өнеркәсібі құрастырған баллистикалық зымыранын сынақтан сәтті өткізді. Бұл жайында islam.kz порталы bloomberg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Қара теңізде жағалауындағы Риза айлағында өткен сынақ кезінде баллистикалық зымыран 561 шақырымға ұшып, Синоп айлағы орын тепкен аймаққа құлаған. Түркия өзінің баллистикалық зымырандарын алғаш рет 2018 жылдың наурыз айында сынады. Одан кейін қысқа және орта қашықтыққа ұшатын «Гөкдоған» (Gökdoğan) және «Боздоған» (Bozdoğan) ұзақ қашықтыққа ұшатын зымырандары сынақтан сәтті өтті. Осы жылдың шілде айында радарлық басы бар Гөкдоған зымыраны сынақтан өтті. Түркия қорғаныс өнеркәсібі басқармасының басшысы Исмаил Демирдің айтуынша, екі зымыран да жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.