Түркия офшорлардың қара тізіміне енуі мүмкін
|
Еуроодақ келесі айда Түркияны салықтан жалтарғандарды паналататын елдер қатарына қосуы мүмкін. Бұл өз кезегінде онсыз да үзілуге шақ тұрған ЕО мен Түркия арасындағы қатынасты қиындатып жібереді. Бұл жайында Bloomberg ақпарат көзі хабар таратты. ЕО неліктен мұндай шешімге келді? Салық салу мәселесінде ынтымақтасқысы келмейтін заңды тұлғалардың тізімін жасаумен айналысатын ЕО жұмысшы тобы Түркия билігін салықтын шектен тыс салу режимімен күресті және ашықтықтың жеткіліксіздігін қамтамасыз ете алмай отырғандығы үшін айыптап отыр. Ал Түркия аталған қара тізімге енетін болса, бұл аталған елдің репутациясына айтарлықтай нұқсан келтіріп, өз кезегінде инвесторларды тартуда кедергі келтірмек.
Нақтырақ айтқанда, ЕО-дағы жетекші ел Германия билігі өз ықпалын пайдаланып, халықаралық қаржы институттарынан Түркияға қаржы бөлуіне тосқауыл жасамақ. Атап айтқанда, KfW мемлекеттік банкінен, Еуропалық инвестициялық банктен, Еуропалық даму және қайта құрылымдау банктен қаржыландырылуына кедергі келтіруге күш салады.
Десе де мынаны айта кету керек: қалай десек те Түркия ЕО-ның ең маңызды серіктесі. Reuters ақпарат ресурсына сұхбат берген Түкрияның қаржы министрі Нажи Агбал ЕО-ның мұндай қадамға баруына еш негіз жоқтығын алға тартып отыр. Өйткені, оның айтуынша, Түркия салық салу саясатында халықаралық талаптарды толығымен орындап отырған ел.
Тағы бір айта кететіні, соңғы уақытта түріктердің ұлттық валютасы біршама құнсызданған болатын. Бұдан бөлек, халықаралық сарапшылар мен мамандар, дәлірегі, экономистер Түркия экономикасының кері кетіп бара жатқанын алға тартып отыр. Алайда, Түркия билігі бұл пікірді батыстың инвесторларды жаңылыстыру үшін, осылайша Түркияға жан-жақты қысым көрсету үшін ойлап тапқандары деп отыр.
ЕО Түркиядан бөлек, әлемнің тағы 36 елін қара тізімге енгізуі ықтимал. Олардың арасында Армения, Сербия, Панама, Тунис, т.б. бар.