Түркия мұсылмандар мазарының үстінен стадион салмақ болған гректер жоспарын әшкере етіп, алдын алды
Түркия мұсылмандар мазарының үстінен стадион салмақ болған гректер жоспарын әшкере етіп, алдын алды
2 жыл бұрын 1385 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркия Батыс Фракиядағы османлы дәуіріне тиесілі мұсылмандар мазарының үстінен футбол стадионының құрылысын бастау жөніндегі Грекия жоспарының алдын алды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Anadolu Agency агенттігіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Грекияның мемлекеттік қызметі наурыз айының 16-ы күні Батыс Фракиядағы Хорозлу ауылындағы түрік қауымдастығының зиратын жермен-жексен еткен. Жергілікті билік бұзылған зират аумағына спорт стадионын салатыны жөнінде Ксанти қаласының мүфтиі Мұстафа Трампа (суретте – ред.) Anadolu Agency ақпарат көзіне жеткізген. Гректердің бұл жоспары Түркия билігіне белгілі болған кезде Түркияның Сыртқы істер министрлігі араласып, мұсылмандар зиратының қалпына келтірілуін талап етті. «Грекия Османлы тарихының барлық іздерін – моншаларды, мешіттерді, медреселерді, зираттарды бүкіл елде және Батыс Фракияда өшіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда», – деп мәлімдеді мүфти Трампа. Түріктердің араласуынан кейін Батыс Фракия билігі өз жоспарларынан бас тартып, мұсылман зиратының сүрілуіне қатысты тергеуді бастауға мәжбүр болды.

0 пікір
Мұрағат