Түркия мопедпен, мотоциклмен және велисопедпен әлемнің 49 елін жабдықтап отыр
Түркия мопедпен, мотоциклмен және велисопедпен әлемнің 49 елін жабдықтап отыр
4 жыл бұрын 2826 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркиялық мопед пен мотоциклдің және велисопедтің экспорты 2021 жылдың қаңтар айында 8,658 млн долларға жетті. Түркияның батысында орын тепкен «Ұлыдағ» өнеркәсіп ауданының эксопрттаушылар одағының келтіріп отырған дерегі осындай. Бұл жайында islam.kz порталы aa.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түркияда құрастырылатын екі доңғалақты көлік құралы осылайша әлемнің 49 еліне эксопртталған екен. Ал өткен 2020 жылы бұл көрсеткіш оның алдыңғы жылымен салыстырғанда 54 пайызға артқан, яғни, өткен жылы бұл бағыттағы экспорттан 97,5 млн доллар пайда көрген. Байқасаңыздар, түріктердің екі доңғалақты көлігінің экспорты жылдан жылға қарқынды түрде артып келеді. Түркияның бұл бағыттағы негізгі импорттаушысы – Франция. Түркия аталған елге бұл бағыттағы экспортын қаңтар айының өзінде 16,96 пайызға арттырған, яғни, бір ай ішінде Францияға экспорттан 1,47 млн доллар пайда көріпті. Екінші орында Нидерланды тұр - 1,282 млн доллар, яғни, өтке жылғы көрсеткішке қарағанда бұл елге экспорт мөлшері 77,23-ға артқан. Ал үшінші орыннан Финляндия көрінген – аталған мерзімде бұл елге экспорттан түріктер 1,145 млн доллар табыс тапқан. Одан кейінгі орындарға табан тіреген елдердегі көрсеткіш: Италия (1,058 млн доллар), Германия – 853 мың доллар, Ұлыбритания – 679 мың доллар. Ал іргесіндегі Әзірбайжанған бұл бағыттағы экспорты қаңтар айында 54 есеге бір-ақ артқан – яғни, 11 мың доллардан 636 мың долларға дейін. Сондай-ақ, Либияға экспорты 110 есеге артып, 919 доллардан 1001 мың долларға дейін өскен.

0 пікір
Мұрағат