Түркия мен Иран қандай жағдайда одақтаса алады?
|
Сүнниттік бағыттағы Түркия мен шиттік Иран арасын жақындататын қандай ортақ мүдде болуы мүмкін? Немесе қандай мақсат екі елді бір-бірімен одақтастарға айналдырады? Бұл сауалдардың жауабын аталған екі елдің арасындағы мына барыс-келіс анықтап беруі мүмкін. Жуырда Түркияға Иран қарулы күштері штабының басшысы, генерал Мұхаммед Хұсейн Багери осы елдің президенті Режеп Тайып Ердоғанмен және өзге де жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесті. Daily Sabah басылымының таратқан хабары мен келтірген мәліметіне қарағанда, Иран билігінің Түркияға 1979 жылдан бері алғаш рет жасап отырған сапарында геосаяси және аймақтық қауіпсіздік мәселесі қозғалған. Нақтырақ айтқанда, екі елдің билігін Сирияның біржола мемлекет ретінде жойылып кетунінен қауіптенеді әрі Ирактың солтүстігіндегі күрдтердің мемлекеттелегінің қаншалықты болашағы барын талқылаған. Аталмыш ақпарат көзінің дерегі бойынша шілде айының орта шенінде түріктердің барлаушылары мен әскерилері Иранның және Ресейдің өкілдерімен құпия келіссөздер жүргізген. Бұл келіссөзде Сирияның Алеппо провинциясына қарайтын Африннің, сондай-ақ, Айн-әл-Араб пен Жизра кантондарының мәртебесін талқылаған. Өйткені, аталған елді-мекендерді Түркияда террористік ұйым ретінде танылған Күрдістан Жұмысшы партиясының сириялық бөлімшесі басқарып, бақылауда ұстап отыр. Бұл кантондар бірігіп, түрік шекарасына жақын жерден тәуелсіз күрдтер мемлекетін құруы әбден мүмкін.