Түркия хирургтері өткен жылы 5 мыңнан аса ағза қондыру отасын жасады
Түркия хирургтері өткен жылы 5 мыңнан аса ағза қондыру отасын жасады
22 сағат бұрын 138 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2025 жылы Түркияда ағза қондыру (транслантация) отасының саны 5095-ке жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің денсаулық сақтау министрлігі келтірген дерекке жөн сілтеген Anadolu Ajansı ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Медициналық туризмі қарқынды дамып келе жатқан аталмыш түркі елінде біліктілігі жоғары мамандар жетекшілік ететін әрі халықаралыө талаптарға жауап беретін озық технологиямен жабдықталған трансплантация орталықтары жқмыс істейді. Атап айтқанда, оқу-зерттеу ауруханаларында 38 транспланттау орталығы жұмыс істейді, оның ішінде екеуі - өкпені ауыстыру бойынша, 19 - бүйрек, 4 - жүрек, 2 - жүрек-өкпені бірге, 9 - бауыр және 2 - ұйқы безі. Ал жекеменшік ауруханаларда 13 бүйрек, 7 бауыр және 2 ұйқы безін алмастыру орталығы жұмыс істейді. Мемлекеттік университеттік емханаларда 48 орталық жұмыс істейді, оның ішінде біреуі өкпе, 21 - бүйрек, 6 - жүрек, 18 - бауыр және 2 - ұйқы безі трансплантациясы бойынша; Қандай да бір қордың құрамына кіретін университеттік клиникаларда 41 транспланттау орталығы бар, оның ішінде 21 - бүйрек, 4 - жүрек, 12 - бауыр және 4 - ұйқы безі трансплантациясы бойынша. Жалпы ел бойынша 149 ағзаларды транспланттау орталығы жұмыс істейді, соның ішінде 3 - өкпе, 74 - бүйрек, 14 - жүрек, 2 - жүрек-өкпе кешені, 46 - бауыр және 10 - ұйқы безі. 3 299 бүйрек трансплантациясы және 1728 бауыр алмастыру отасы жасалған. Түркия науқастың организіміне бөгде ағзаны қондырудан кейін аман қалатын пациенттер саны бойынша әлемде көш бастап тұр. 2025 жылы бүйрек трансплантациясы саласында ең көп ота жасалды. Жалпы алғанда 3 299 трансплантация жасалды, оның ішінде 2 821 - тірі донорлардан және 478 - қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтың қорытындысы бойынша; 2025 жылы бауыр трансплантациясының саны 1 728-ді құрады, соның ішінде 1 463-і тірі донорлардан және 265-і қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтың қорытындысы бойынша. Сонымен қатар, жыл ішінде 46 жүрек, 20 өкпе және 2 тік ішек ауыстырылды. Түркияның Денсаулық сақтау министрлігі заңнамаға кейін енгізілген өзгерістер шеңберінде донорлық процедуралар цифрлық форматқа көшірілді. Азаматтар e-Devlet және e-Nabiz электронды жүйелер арқылы ағза донорлығына өз келісімін бере алады.

0 пікір
Мұрағат