|
Түркия Eуропаға талап қойды
|
Түрік басшысы Брюссельден Еуропаға ағылған босқындармен күресу үшін қаржылай көмектің көлемін өсіруді талап етті. Президенттің айтуынша, Одақ Түркияға 2 жылға емес, әр жылға 3 миллиард еуро бөлуі тиіс. Егер Кәрі құрлық Түркияның талабымен келіспесе, Анкара шекарасын айқара ашып, Одақты босқындармен толтыруға дайын. «Еуропа елдері дағдарыстың көкесін сонда көреді», - дейді президент. Мәселен, Одаққа бет алған мигранттардың көбі осында тоқтап, түрік елі Кәрі құрлыққа қорған болып отыр. Ал пана іздегендерді ұстап тұру үшін түрік билігіне де қаржы керек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бір оператордың бақылауындағы дрондар немесе дрондар үйірін бір орталықтан басқаратын жүйе (видео)
■
Иран стратегиялық бұғазды экономикалық кіріс көзіне айналдыруды заңдастырады
■
Жапония азаматтық алу үшін елде тұру мерзімін 5 жылдан 10 жылға ұзартты
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды