|
Түркия дінбасы орнынан кетті
|
Бауырлас Түркияның дін істері жөніндегі басқармасының жетекшісі Мехмет Гөрмез өз еркімен қызметінен кетті. Оның зейнетақыға шығатын жасқа жеткеніне байланысты қызметінен кету туралы өтінішін ел премьері Биналы Йылдырым қанағаттандарды. Бұл жайында Hurriyet ақпарат көзі хабар таратты. Оның міндетін уақытша Екрем Келс атқара тұрады. Айта кетейік, Мехмет Гөрмез Анкара қаласында діни факультетті тәмамдаған. Осыдан кейін ол өз басқарған басқармада талай жыл табан аудармай қызмет істеген еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар