Түркия дәрілік өсімдіктер үшін бөлінетін жер көлемін ұлғайтып келеді
Түркия дәрілік өсімдіктер үшін бөлінетін жер көлемін ұлғайтып келеді
18 күн бұрын 389 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияның қоршаған орта, урбанизация және климат өзгерісі жөніндегі министрлігі соңғы 7 жылда елің 64 провинциясының аумағынан жалпы саны 48,8 млн шаршы метрді жалға берген. Ауыл шаруашылығын өркендету әрі отандық дәрі-дәрмек өндірісіне арналған өсімдіктерді өсіру үшін. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш министрлік еңлікгүл, раушан, жалбыз, жебіршөп және қара зере сияқты дәрілік және хош иісті өсімдіктердің 139 түрін, сондай-ақ, фармацевтикалық және косметикалық өнеркәсіпте кеңінен қолданылатын сәндік өсімдіктерді өсіру үшін жерді нарықтық құнының мыңнан бір бөлігін құрайтын бағамен жалға беріп келеді: 2024 жылы 2,8 млн шаршы метр, ал 2025 жылы 2,5 млн шаршы метр жалға берілген. Еңлікгүл неғұрлым сұранысқа ие өсімдікке айналған: шамамен 26,9 млн шаршы метр жер оны өсіруге жалға алынған екен. Жалбыз, жебіршөп, жидек, т.б. шөптесін өсімдіктерге де ауқымды аумақ жалға берілген. Ұпай жүйесіне сәйкес осы мақсатқа жерді бөлу кезінде қосымша артықшылықтарға кәсіпкер әйелдер, 18-40 жастағы шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылығы инженерлері, учаске орналасқан провинция тұрғындары, тіркелген дәрілік және сәндік өсімдік өсірумен айналысатын шаруалар, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен өндірістік ұйымдар ие болған.

0 пікір
Мұрағат