|
Түркия бір жылда 1,5 млн науқасты қабылдады
|
Медициналық туризм бойынша көш бастаған жиырма елдің құрамына кіретін Түркия мұндай жетістікке денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымды дамыту, біліктілігі жоғары мамандарды әзірлеу және салыстырмалы түрде арзан баға белгілеу арқылы қол жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталы turkey.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түркия билігі биыл, яғни, 2025 жылы шамамен екі млн шетелдік пациентті қабылдауды алдына мақсат етіп қойды. Егер бұл мақсатқа қол жеткізсе, түріктер медтуризмнен 12 доллар табыс таппақ. International Health Services Inc. (USHAŞ) мәліметі бойынша өткен 2024 жылы Түркия шетелден 1,5 миллионнан аса пациентке қызмет көрсетіп, экономикаға 3 миллиард доллар әкелді. Ел алдағы уақытта бұл саладағы табысты өсіруді жоспарлауда: 2028 жылға қарай 20 миллиард долларға дейін өсуі мүмкін. Германия, Ұлыбритания, Ресей, Ирак, Әзірбайжан және Таяу Шығыс елдері медициналық туризмнің негізгі ойыншылары. Шетелдік пациенттер арасында эстетикалық хирургия, стоматология, офтальмология, онкология, трансплантология және семіздік хирургиясының қызметтері сұранысқа ие. Түркия шаш қондыру процедурасы бойынша әлемде алдыңғы қатарда және ағзаларды ауыстыру бойынша алғашқы 10 елдің құрамына кіреді. Технология мен медициналық қызметкерлерді инвестициялай отырып, гериатрия, діңгекті жасушалар терапиясы, роботтандырылған хирургия және термалды туризм бағыттарын дамытуда.