Түркия билігі криптонарықты реттеуге кірісті
Түркия билігі криптонарықты реттеуге кірісті
Кеше 239 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияның капитал нарығы жөніндегі кеңесі криптоиндустрияға бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін әрі ұлттық цифрлы актив нарығын әлемдік стандарттарға сәйкестендіретін жаңа ережені орнататынын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы bits.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы құжатқа сәйкес, криптобиржа, кастодиандық сервистер мен әмиян провайдерлері енді лицензия алуға және есеп пен қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге міндетті. Биржалар үшін ең төменгі капитал 150 млн түрік лиры (4,2 млн долар), ал кастодиандық провайдерлер үшін - 500 млн лира (14 млн доллар) деңгейінде белгіленген. Жаңа ереже талаптары бойынша 15 000 лира (425 доллар) мөлшеріндегі транзакциялар үшін цифрлы активтер саудасына тыйым салу және жеке тұлғаны міндетті түрде тексеру процедурасы енгізіледі. Реттеушінің пікірінше, бұл шара біліктілігі жоқ бөлшек сауда инвесторлары үшін қатерді төмендетуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, ұлттық криптовалюта алаңдары активтерді бекіту және алып тастау үшін листинг бойынша тұрақты комитеттер құруға, сондай-ақ, клиент қаражатын коммерциялық банктерге сақтауға беруге міндетті болады. Бұл шара биржалық транзакциялардың ашықтығын арттыруға және пайдаланушылардың қаражатын қорғауға арналған. Бұған дейін Түркияның капитал нарығы жөніндегі кеңесі ақпан айының 25-нен бастап барлық бөлшек саудадағы криптоинвесторлар криптоқызметтерді ұсынатындарға 15 000 түрік лирінен (425 доллардан) асатын сомаға цифрлы активтермен жүзеге асырылған әрбір транзакциядан кейін сәйкестендіру деректерін ұсынуға міндетті, деп мәлімдеген болатын.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
24 25 26 27 28 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6