Түркия азаматтық алу процедурасын қиындатады
Түркия азаматтық алу процедурасын қиындатады
1 жыл бұрын 1522 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түрік билігі Еуропалық Одаққа үміткер ел ретінде азаматтық алу процедурасын қиындатады. Бұл жайында islam.kz порталы Hürriyet мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, көп ұзамай Түркияның иммиграциялық саясаты көптеген өзгеріске ұшырайды. Бұл саясат ең алдымен түрік төлқұжатына ие болғысы келетін босқындарға, соның ішінде сириялық босқындарға оңай тимейін деп тұр. Босқындарды паналату мәселесі визалық проблеманың аспектсіне айналмақ. Бұған қоса, еуропалықтар Түркия арқылы Еуропа аумағына ағылатын мигранттар тасқынын тежеуді талап етуі мүмкін. ЕО-ның сыртқы саясат қызметінің ресми өкілі Петер Стано 2024 жылы Түркияның Еуропалық Одақ құрамына өтпейтінін, өйткені, Түркия заңнамасын ЕО ережелеріне сәйкестендіруге бірталай жыл кетуі мүмкін екенін мәлімдеді. Ол ол ма, Түркия азаматтарына визасыз реимді енгізуді де жоспарлап отырған жоқ.

0 пікір
Мұрағат