Түркия азаматтығын алғысы келетіндер санаты кеңейді
Түркия азаматтығын алғысы келетіндер санаты кеңейді
3 жыл бұрын 3278 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияда елдің толыққанды азаматы атануға мүмкідік беретін азаматтық туралы заңға түзету енгізілді. Бұл жайында islam.kz порталы түріктердің Daily Sabah ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түркия билігінің мұндай қадамы шатқаяқтаған ел экономикасына шетелдік капитал мен инвестиция тарту үшін жасалып отыр. Географиялық орналасқан орны мен жан-жағы теңіз қоршап жатқан таулы елдің тұрақты тұрғыны болғысы келетіндер түрік экономикасына кем дегенде жарты млн доллар мөлшерінде инвестиция құюға міндетті, тек міндетті түрде доллар түрінде емес, доллар бағамына шаққанда осы мөлшерде өзге шетел валютасымен қаржы құйса да болады. Осылай еткендер аталған елдің Өнерәсіп және технология министрлігінен растайтын құжат алып, осы құжат негізінде ел азаматтығын алуға өтініш бере алады. Бұдан бөлек, Түркия аумағынан кем дегенде 250 мың долларға бағаланатын аса ірі жылжымайтын мүлік сатып алғандар да аталған ел азаматы атана алады, бір шартпен: жылжымайтын мүлкін үш жыл ішінде ешкімге сатпау жөнінде мойнына міндеттеме алады. Мұндай жолмен азаматтық алғысы келетіндерге Түркияның қоршаған орта, климат және урбанизация министрлігі тарапынан растайтын тиісті құжат беріледі. Ал құрлысы аяқталмаған жылжымайтын мүлік сатып алғандар да азаматтық алуға құқылы. Кем дегенде қоластында 50 адам жұмыс істейтін адамға кәсіпкер атануына мүмкіндік беріледі. Бұл фактіні Еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік министрлігі тарапынан растатып алуы тиіс. Сондай-ақ, түрік банктерінде ең аз дегенде 500 мың доллар немесе доллар бағамына шаққанда осы сома бойынша өзге шетелдік валютасымен қаржы сақтайтындар да (депозит мерзімі үш жылдан ккем болмауы керек) Түркия азаматтығын ала алады. Сонымен қатар, кем дегенде 500 мың долларға мемлекеттік займның облигациясын немесе кейбір түрік компанияларынның акцияларын осы сомада сатып алушылар да Түркия азаматтығын алуға өтініш бере алады. Аталмыш заңға енгізілген түзетудің жүзеге асуына жауапты арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамы еңбек және әлеуметтік қаупсіздік министрлігінің, қоршаған орта, климат және урбанизация министрлігінің, қаржы министрлігінің, сондай-ақ, өнеркәсіп және технология министрлігінің өкілдерінен жасақталады. 

0 пікір
Мұрағат