Түркия әуежайы Еуропадағы ең маңызды әуежай ретінде танылды
Түркия әуежайы Еуропадағы ең маңызды әуежай ретінде танылды
2 жыл бұрын 2401 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Еуропалық авиациялық сауда ассоциациясы Стамбұл әуежайын кәрі құрлықтағы ең жүктемесі көп әуежай ретінде таныды. Бұл жайында islam.kz порталы Sabah ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мәселен, бір айдың ішінде, дәлірегі, осы жылдың маусым айында 6 млн жолаушыны қабылдаған. Яғни, бұл тараптағы көрсеткіш өткен жылғы  дерекпен салыстырғанда екі еседен аса артқан - 115.4%. Бір ғана Анадолы (Анталия) әуежайы өткен айда 3,91 млн жолаушыны қабылдап, халықаралық рейтингте 8-ші орыннан көрінген. Салыстыру үшін алсақ, Лондон мегаполисіндегі Хитроу әуежайы 5.991 миллион адамға, ал Франциядағы Шарл де Голл әуежайы 5 жарым млн саяхатшыға қызмет көрсеткен. Аталмыш ассоциация келтірген мәліметке қарағанда, биыл, дәлірегі, осы жылдың алғашқы жарты жылдығында әлем бойынша жолаушылар авиатасымалдау қызметіне жиі жүггінген, мәселен, бір ғана Еуропада бұл бағыттағы көрсеткіш 247%-ға өскен. Дегенмен, құрлықаралық ұшу пандемияға дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда 28%-ға төмен.

0 пікір
Мұрағат