Түркия алғаш рет ұшқышсыз ұшатын ұшағын сынақтан өткізді
Түркия алғаш рет ұшқышсыз ұшатын ұшағын сынақтан өткізді
9 жыл бұрын 3270

Осыдан бір жұма бұрын, яғни, қаңтар айының 30-ы күні Turkish Aerospace Industries алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Anka Block B аппаратын сынақтан өткізді. Сынақ сәтті өтті. Jane's ақпарат көзінің хабарына қарағанда, Anka Block B аппараты Anka A ұшқышсыз ұшатын аппараттың жетілдірілген түрі болып табылады. Аталмыш аппарат инфрақызыл камерасы бар техникалық алыстан көру жүйесімен, алыстан өлшейтін лазерлік бағдармен, синтезделген апертуралы радармен, спутниктік байланыс жүйесімен, сондай-ақ, мәліметтерді жеткізудің қорғалған жүйесімен және борт компьютерімен жабдықталған. Аталмыш аппараттың ұзындығы 8 метрге жетеді, ал қанатының ұзындығы – 17,3 метр. Ол 155 аттың күші бар қозғалтқышпен жабдықталған. 200 келіге дейін жүкті алып жүре алады. Оның автономдығы 24 сағатқа жетеді, ал радиусы – 200 км.  

 

 

0 пікір
Мұрағат