Түркия әлемнің қанша еліне медициналық құрал-жабдық экспорттайды
|
Түркия бүгінгі таңда әлемнің 57 еліне, соның ішінде алдыңғы қатарлы еуропалық елдерге, атап айтқанда, Германияға, Ұлыбританияға, Нидерландыға, Италияға, Португалияға және Полшаға медициналық құрал-жабдық экспорттайды. Аталмыш елдің денсаулық сақтау федерациясының жетекшісі Рашит Динчтың айтуынша, осыдан 20 жыл бұрын Түркия медициналық құрал-жабдық шығара алмайтын еді, шетелден алдыратын. Қазіргі уақытта тек ел аумағындағы емханаларды медицналық құралдармен жабдықтап қоймай, шетелге экспорттауға көшкен. "Бұрын Түркия жүрек қан тамырларына, рентгенохирургияға және кардиологияға арналған барлық құрал-жабдықты импорттайтын еді",- деді сөз арасында. Ал бүгінде аталған ел негізінен жүрек қан хирургиясы мен интервенциялық кардиология құрал-жабдығын өздері шетелге шығаратын деңгейге жеткен.