Түркия әлемдегі алғашқы жарылыс қуаты алысқа тарайтын суасты минасын жасады
Түркия әлемдегі алғашқы жарылыс қуаты алысқа тарайтын суасты минасын жасады
1 жыл бұрын 953 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркия мамандары әлемде алғашқы ақылды минаны жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Star мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мина Akinci және Aksungur ұшқышсыз ұшатын аппараттардан әрі F-16 жойғыш ұшағынан зау биіктен тасталады. Оны биіктігі төмен немесе биіктігі орташа әуе қорғаныс жүйесі атып түсіре алмайды. MKE, KOC Defense түрік компаниялары мен Технологиялық зерттеу жөніндегі кеңес (TUBITAK) құрастырған аталмыш қару түрі Ыстамбұлда өткен қорғаныс өнеркәсібінің халықаралық көрмесінде (IDEF-2023) жұртшылық назарына ұсынылды. Ақылды суасты минасының негізгі идеясы жалпы мақсатта қолданылатын МК-84 бомбасын шабуылдаушы теңіз минасына айналдыруға саяды. Ыстамбұлдағы IDEF-2023 көрмесінде сөз алған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қорғаныс өнеркәсібі саласындағы қару-жарақ экспортының осы жылдың алғашқы жарты жылында 2 млрд 378 млн долларға жеткенін атап өтті. Жыл аяғына дейін бұл көрсеткішті 6 млрд долларға жеткізуді көздеп отырғандарын жеткізді. Осылай деген мемлекет басшысы 1993 жылдан бері өткізіліп келе жатқан IDEF көрмесінің бүгінде әлемдік брендке айналғанын да мақтанышпен мәлімдеді. Осы көрме кезінде бірнеше млн долларға бағаланатын келісімдер мен келісім-шарттар бектілетінін алға тартты. «Біз өз әскери кемеімізді шығаратын алғашқы 10 елдің қатарындамыз және осы салада маңызды экспорттауы елге айналдық. Палубасында соққы беруге арналған ұшқышсыз ұшу аппараттары орналасқан әлемдегі алғашқы ұшақ тасығыш TCG Anadolu кемесін еліміздің Әскери-теңіз күштерінің пайдалануына тапсырдық», деді артынша.

0 пікір
Мұрағат