Түркітілдес ел аумағынан 100 млрд долларға бағаланатын алтын кені табылды
Түркітілдес ел аумағынан 100 млрд долларға бағаланатын алтын кені табылды
2 жыл бұрын 1992 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркия аумағынан алдын ала жасалған есеп бойынша қоры кем дегенде 80 млрд долларға немесе 100 млрд долларға бағаланатын алтын кеніші табылды. Бұл жайында islam.kz порталы milliyet.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Уаранық алтын кені табылған Шанаққала ауданындағы Лапсек кен орнында болды. Биыл Түркия 3,5 тонна алтын мен 2,5 тонна күміс өндіруді жоспарлап отыр. Түркияда алтын өндіріліп келе жатқанына бірнеше ондаған жыл өтті. Мәселен, 2000 жылдары алтын шетелден тасымалданса да, яғни, импортталса да алтын деген сұранысты қанағаттандырған емес. Соңғы ширек ғасырда, яғни, 25 жылда Түркия 4 тоннадай алтын импорттаған болатын. Түркия әлем бойынша зергерлік алтын бұйымдарының экспортынан алғашқы ондық құрамына кіретін ел.

Ұқсас материалдар:

«Түркияда аса ірі алтын кен орны табылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiyada-asa-iri-altyn-ken-orny-tabyldy-15355/#gsc.tab=0);

«Түркия аумағынан аса ірі алтын кен орны та»ылды" (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-aumagynan-asa-iri-altyn-ken-orny-tabyldy-video-14574/#gsc.tab=0);

«Түркияның алтын қоры» (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiyanyn-altyn-qory-14754/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат