Түркіменстандағы дағдарыс: қарттар мен балаларды қарттар үйі мен балалар үйіне өткізіп жатыр
Түркіменстандағы дағдарыс: қарттар мен балаларды қарттар үйі мен балалар үйіне өткізіп жатыр
4 жыл бұрын 12697 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасының шарықтауына әрі қаржылық дағдарыс пен жұмыссыздықтың белең алуына байланысты ел тұрғындары жоқшылықтың зардабын тарта бастады. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандар шарасыз халде қалған. Бұл жайында islam.kz порталы centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түркімендердің Азаттық радиосы хабарлағандай, Түркіменстандағы мүгедектік бойынша берілетін жәрдемақы 400 манаттан (түркімендердің ұлттық валютасы) аспайды - ресми айырбас бағамы бойынша 114 долларға тең, ал қара нарықта бұл көрсеткіш 14,2 доллар. Мемлекеттік жәрдемақының ең аз мөлшері 322 манатты құрайды –ресми бағам бойынша 92 доллар. Ал қара нарықта бұл көрсеткіш - 11,5 доллар. Бүгінде елдегі еттің келісі - 80 манат, майдыі 1 литрі – 40 манат, 50 келі ұнның бағасы – 600 манат. Бүйрек ақауын емдеуге арналған дәрінің бағасы – 200 манат, демікпеге қарсы спрейдің бағасы – 250 манат. Неврологиялық, тамырға арналған дәрілер мен антибиотик (10 данасы үшін) – 100 манаттан бастап жоғары. Қара нарықта қараша айының орта шеніндегі азық-түлік бағасы тағы 10-15%-ға өскен – 1 манат бағамы 23-тен 25,6 долларға көтерілгеннен кейін. Ал ресми бағам 2015 жылдан бері 3,5 манат деңгейінде тұр. Түркімендердің РСЕ / РС қызметі жоқшылықтың зардабын тартқан көптеген отбасылар амалдың жоғынан қарттар мен балаларды және кемтар жандарды мемлекет қамқорлығына өткізіп жатқанын хабарлап отыр. Дәлірегі, Марый уәлаятында көптеген отбасылар қарт туыстарын Мұрғап қарттар үйіне, ал мүмкіндігі шектеулі балаларды Мары мен Байрамалыдағы арнайы паналау орындарына тапсырып жатыр.

0 пікір
Мұрағат