Түркіменстан мемлекеттік арналарды қаржыландыруды тоқтатады
Түркіменстан мемлекеттік арналарды қаржыландыруды тоқтатады
7 жыл бұрын 3890 Айгерім Таубай

Түркіменстанның мемлекеттік телеарналары мен радио станциялары бұдан былай бюджеттен қаржыландырылмайды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі centralasian.org мәліметіне сүйеніп. Түркіменстан президентінің 7 шілде күнгі жарлығына сәйкес, телерадио хабар тарату және кинематография жөніндегі мемлекеттік комитет шаруашылық есепке аударылған. 2018 жылдан бастап бұл саланы мемлекеттік қазынадан қаржыландыру біртіндеп тоқтатылады. Үкіметтің шешімі бойынша, телерадио хабар тарату жүйесі жарнама арқылы түскен табыстан өз шығындарын өздері жабады. Қазіргі уақытта Түркіменстанда мемлекеттік "Алтын Асыр", "Яшлык", "Мирас", "Түркіменстан", "Ашхабад", "Түркімен овазы" "Түркіменстан спорт" деп аталатын 7 телеарна және "Чар тарапдан", "Мирас", "Оваз" және "Ватан" деп аталатын 4 радио канал жұмыс істейді. Бұлардың бәрі мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Түркіменстанның мемлекеттік телеарналарындағы бағдарламаларды ел президенті қазіргі дамуға сәйкес келмейді деп бірнеше рет сынаған. 

0 пікір
Мұрағат