Түркімендер нан таппай елден кетіп жатыр
Түркімендер нан таппай елден кетіп жатыр
6 жыл бұрын 4841 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркіменстанның бірқатар аймағында, атап айтқанда, Тазабазар ауданында, Марый облысында, Байрамалы, Йолетен, Түркіменқала және Мұрғаб қалаларында ұн мен нанның жетіспеуінен тұрғындар шетелге уақытша немесе біржола кетіп жатыр. Жағдай оңалғанша кетіп жатқандарға қарағанда біржола елден қарасын батырғысы келетіндер қарасы көп. Олар үй-жайын сатып жатыр. Тарқатып айтқанда, жан басына бекітілген бірінші сортты ұнның алты келісінің өзіне қол жеткізе алмай отырғандар көп. Сондай-ақ, аталған елде жұмыссыздық проблемасы қордаланып кеткен. Осыған байланысты алты келі ұнды сатып алуға жағдайы жоқ, Түркіменстан базарларында бірінші сортты ұннның бір қабы, яғни, 50 келісі біздің ақшаға шаққанда 23 мың 100 теңгеге сатылып жатыр. Ал Қазақстаннан жеткізілген ұнның бір қабы 31 мың 500 теңгеден сатылуда. Түркімендердің дені Ресейге, Түркияға және Кипрге қоныс аударып жатыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, келесі жылдың қаңтар айының бірінен бастап, ел президенті Құрбанұлы Бердімұхамедовтың жарлығымен электр энергиясы, газ, ауызсу, ас тұзы тегін берілмейтін болды. Бұл жайында "Түркіменстан хроникасы" ақпарат көзі хабар таратты. 

0 пікір
Мұрағат