|
Түркі еліндегі демографиялық өзгеріске байланысты “қарттар экономикасы” қалыптасып келеді
|
Түркиядағы жасы 65-тен асқандар қарасы соңғы бес жылда 9 млн адамнан асты - 20,7%-ға артқан. Осынау демографиялық өзгеріске байланысты қарттарды күту қызметіне сұраныс артқан. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Билік бұл құбылыстан елде «қарттар экономикасы» қалыптасып келе жатқанын мәлімдеді. Туу көрсеткіші төмендеуде, егде жастағы халықтың үлесі 11% -ға жетті, ал болжам бойынша 2040 жылға қарай 65 жастан асқан азаматтар саны 16% -дан асады. Таяуда өткен Жаһандық экономика саммитінде қаржы министрі Мехмет Шымшық геронтологиялық және оңалту орталықтарының, телемедициналық құралдардың, денсаулық мониторингіне арналған алып жүретін құрылғылардың, робот-ассистенттер мен «ақылды үй» технологияларының инвестициялық әлеуетінің өсіп келе жатқанын атап өтті. Сарапшылар Түркияда қарттар күтіміне қатысты сұраныс алдағы жиырма жылда екі еседен астамға артатынын ескертіп отыр. Қолдағы ресурстар халықтың қартаю қарқынынаа шақққанда жеткіліксіз. Түркия аумағында шамамен 30 мың адамға қызмет көрсететін 450-500-ге жуық күтім мекемесі ғана жұмыс істейді. Қарттар күтіміне қажеттті инфрақұрылым шектеулі. Осыған қарамастан кәсіпкерлер Түркияны экологиясы жақсы жағалау аудандарында медициналық әрі көп функциялы кешендерді дамыту арқылы «қарттар күтімі туризмінің» аймақтық орталығына айналдыруға болатынын атап өтті. Инвестиция тарту керек. Осылайша сапалы әрі арзан қызметтер ұсыну арқылы шетелдік қарттарды тартып та табыс табуға болатынын алға тартып отыр.