Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
1 сағат бұрын 30 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияда кем деген бес млн адам сирек кездесетін аурулардан зардап шегеді. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ем-домы жоқ немесе тым қымбатқа түсетін мұндай аурулар қарасының көбеюі аталған елдің қоғамдық женсаулық сақтау жүйесіне көп ауыртпалық түсіреді. Түркияның неврологиялық қауымдастығының басқарма мүшесі Қажыр Дүрміш Текше атап өткендей, Еуропалық одақ өлшемдері бойынша 2000 адамның ішінде 1 адам осындай аурудан зардап шексе, яғни, екі мың адамға шаққанда біреуден кездесетін болса, ондай ауру сирек кездесетін аурулар санатына жатады. Ал мұндай диагноз қойылған сырқаттар саны Түркияда бүгінде бес млн-нан асып барады. Жалпы әлемде сирек кездесетін, анықталған 8000-нан аса сирек кездесетін аурудан бүгінде 300 млн-нан аса адам зардап шегеді. Мұндай аурулардың көбісі туабітті, яғни, тұқым қуалайтын аурулар қатарында. Сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастардың 80 %-нан астамы туабітті дерттен бала шағынан, ес білген кезінен зардап шегіп келеді. Сирек кездесетін аурулар созылмалы болып келеді. Әдетте сирек кездесетін аурулар бірден байқалмайды. Мндай аурулардың табиғаты көбінесе жұмбақ болып келетіндіктен дер кезінде анықтау қиынға соғады.

0 пікір
Мұрағат