Түркі елінде қылмыстық жолмен алынған дүние-мүлікті заңдастыруға қатысты жаза күшейтілді
Түркі елінде қылмыстық жолмен алынған дүние-мүлікті заңдастыруға қатысты жаза күшейтілді
1 ай бұрын 622 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әзірбайжанның қылмыстық кодексіне өзгертулер енгізу туралы заң жобасында осындай мәселе қарастырылып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Тrend.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жекелеген немесе заңды тұлға капиталының немесе дүние-мүлікінің шынайы сипатын, тапқан көзін, орналасқан жерін, оған қалай иелік ететінін, капиталының қозғалысын (айналымын, қандай операцияларды қолданылғанын) жасырса, сондай-ақ, өзінің мүлкіне өзгелердің де қатысы бар-жоғын, олардың мүлікке қаншалықты құқығы барын немесе біреуге қатыстылығы туралы ақпарат тәсілін, көрінеу немесе ішінара жасырса, 3 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 4000-нан 8000 манатқа дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру арқылы жазаланады. Заңнамаға енгізілген түзетуге сәйкес аталған қылмыс белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, қылмыспен табылған мүлік құнының 50-70 пайызы мөлшерінде айыппұл салу немесе 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру арқылы жазаланады.

0 пікір
Мұрағат