Түркі елінде қанға сіңген әдетке тосқауыл қоятын заңға байланысты неке көрсеткіші күрт құлдырап кетті
Түркі елінде қанға сіңген әдетке тосқауыл қоятын заңға байланысты неке көрсеткіші күрт құлдырап кетті
3 ай бұрын 351 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан 4 ай бұрын шамасында сайтымыздың жаңалықтар таспасында Әзірбайжанда туыстық некеге қатысты тосын деректі келтіргенбіз, дәлірегі, ааталған түркі елінде неке қидырғандар қарасының күрт артып кеткені жөнінде хабарлаған едік (қараңыз: Туыстық некеге тыйым салынғаннан кейін үйленгендер қарасы күрт артқан). Айналдырған аз айдың ішінде некелескендер саны енді күрт кеміп кеткен. Бұған бір-біріне бөле болып келетіндер арасында неке қидыруға тыйым салатын заңның қолданысқа енгені себеп болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Telegram әлеуметтік желісіндегі Baza арнасына жөн сілтеген IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мәселен, осы жылдың маусым айында 2694 жұп неке қидырған екен, ал шілдеде бұл көрсеткіш екі есеге төмендеп кеткен. Өткен жылдың шілдесінде Әзірбайжанда 4587 жұп неке қидырған. Аталмыш республика парламентінің отбасы істері, әйелдер мен балалар жөніндегі комитет жетекшісі Қыжран Құсайын ұлт генофондын сақтау үшін әрі дені сау ұрпақ қамы үшін осындай заң қабылдауға тура келгенін мәлімдеді. Өйткені, туыстар арасындағы некеден, дәлірегі, қан жағынан жақын туыстардан дене кемістігі бар, психикасы ауытқыған ұрпақ дүниеге келетіні айтылған хабарламада.

0 пікір
Мұрағат