Түркі елі түрме инфрақұрылымын дамытып жатыр
Түркі елі түрме инфрақұрылымын дамытып жатыр
2 сағат бұрын 35 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркия түрмелеріндегі тұтқындар саны 433 543 аадамға жетті. Бұл көрсеткіш түзету мекемелерінің сыйымдылығынан 42%-ға артық. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұған тұтқындардың құқықтарын қорғаумен айналысатын «Пенитенциарлық жүйедегі азаматтық қоғам» (CISST) ұйымының деректері дәлел. Желтоқсан айының басындағы мәлімет бойынша айналдырған бір айда түрмеде отырғандар саны 5000 адамға жуық өсті. Бұл  шама 305 286 орынды құрайтын 403 түрменің жиынтық жобалық сыйымдылығынан едәуір асып түсті. Есепке сәйкес қамаудағылардың ішінде тәрбиелеу колонияларында немесе ересек түрмелердің жанындағы арнайы секцияларда ұсталатын 12-18 жас аралығындағы 4 666 кәмелетке толмағандар, сондай-ақ, қамаудағы аналармен бірге тұратын 6 жасқа дейінгі 822 бала бар. Еуропа кеңесінің 2024 жылғы пенитенциарлық статистика туралы жыл сайынғы есебінің мағлұматына қарағанда, тұтқындардың жалпы саны бойынша да, 100 000 тұрғынға шаққанда сотталғандар саны бойынша да Түркия Еуропада бірінші орында тұр. 2013-2024 жылдар аралығында ел аумағындағы түрмеде отырғандар саны 80% -ға өскен. Түрік билігі тұтқындар санының артуына байланысты түрме инфрақұрылымын кеңейтуді жалғастыруда. 2025 жылдың соңына дейін алты, 2026 жылы тоғыз, 2027 жылы бес және 2028 жылы тағы екі жаңа түрме ашу жоспарланып отыр. Осылайша, пайдалануға берілетін 22 жаңа түзету мекемені қоса алғанда Түркиядағы түрмелердің жалпы саны 2028 жылдың соңына қарай 424-ке жетеді. Билік басындағы Әділеттілік және даму партиясы (ІҚП) COVID-19 пандемиясы кезінде қолданылған мерзімінен бұрын босату схемасын реформалардың 11-ші сот пакеті шеңберінде қайта жаңғыртуды жоспарлап отыр. Бұл шара 50 000-55 000 тұтқынға жазасын түрмеден тыс, яғни, арнайы қадағалауда өтеуге мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат