Түрия мен араб елінің арасындағы қатынас жаңа белеске көтеріліп келеді
Түрия мен араб елінің арасындағы қатынас жаңа белеске көтеріліп келеді
2 жыл бұрын 1167 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркия мен Біріккен Араб Әмірлігі көп ұзамай қарым-қанытастың жаңа белесіне көшеді. Дәлірегі, таяу арада еркін сауда айналымы туралы келісімге келмек. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде БАӘ сыртқы сауда-саттық министрі Ахмет әл-Зейудиге жөн сілтеген Sabah ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш келісім ұзақ уақыт бойы өзара бақталастық пен бәсекелестіктен және дипломатиялық текетірестен пайда болған арадағы салқындықты жуып-шайып, аймақтық интеграцияны күшейтеді. Олай дейтініміз, аталған екі ел арасындағы саяси келіспеушілік пен түсінбеушілік орын алған еді. Бұған бірнеше фактор себеп болғанын айта кету керек, солардың біріне араб әлеміндегі саяси дүмпулерге түрткі болған «Мұсылман бауырлар» қозғалысын Түркияның ресми қолдауы араб елдерімен арадағы қарым-қатынасына кері әсерін тигізген болатын. Бұдан бөлек, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы 2018 жылдың ақпанда айында осы елдің аумағында жүрген түрік кәсіпкерін сириялық көтерілісшілерге ақша аударды деп айыптап, тұтқындаған болатын. Бұл жайт та екі елдің арасындағы сызатты ұлғайтты. Өйткені, Башар Асадқа Түркия билігі қырын қарап келген. Бірнеше себептермен, Бұл турасында кезінде біршама тарқатып, талдап жазғанбыз (қараңыз: «Ресейдің сына қағар қаруы» (https://islam.kz/kk/news/alem/reseidin-syna-qagar-qaruy-11965/#gsc.tab=0) Режеп Тайып Ердоғанның Әбу-Дабиге сапары барысында Түркия мен БАӘ арасында қорғаныс өнеркәсібін, денсаулық сақтауды, климаттың өзгерісін, өндірісті, технологияны, сауда-саттық, экономика, мәдениет, ауыл шаруашылығын, жастар ісін, көлік, апаттарды басқаруды, метеорологияны, коммуникациянф қамтитын 13 маңызды келісімге қол қойылды. Осы келісімдер аясында арабтар түрік экономикасына инвестиция құяды. Осы орайда Түркия президентінің Парсы шығанағындағы елге он жылға жуық уақыттан бері алғаш рет барғанын айта кету керек. Соңғы уақытта аталған араб елі тек АҚШ секілді алып державалармен ғана емес, сонымен қатар, Түркия, Израил, Индонезия, Үндістан секілді елдермен де еркін сауда туралы келісімге келуді көздеп отыр. Бұл тарапта аймақтағы ықпалы мол Түркиямен арадағы еркін экономикалық байланысты нығайтып алудың маңызы зор, егер бұл тараптағы құжатқа қол қойылса, кеден салығы толық жойылады, ал бұл процедура өз кезегінде екі ел арасындағы еркін сауданың қалыптасуына ықпал етпек. Алдымен Түркия мен БАӘ арасындағы сауда айналымын жылына 15 млрд долларға жеткіздуі мақсат етіп отыр. Қазіргі көрсеткіш – 8 млрд доллардан аспайды. БАӘ – Түркияның Парсы шығанағындағы ең басты серіктесі.

0 пікір
Мұрағат