|
Туристік сектор араб елінің экономикасына 70 млрд доллар пайда әкелді
|
Біріккен Араб Әмірлігі жасанды зерде мен цифрлы технолгияны пайдалана отырып, ттуризм саласын жаңа белеске көтерді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде BUSINESS EMIRATES ақпарат көзіне жөн сілтеген ArabianBusiness агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Туризм және саяхат жөніндегі дүниежүзілік кеңес келтірген дерекке сәйкес 2024 жылы БАӘ туристік секторы ел экономикасына 257,3 млрд дирхам (70 млрд доллар шамасында) табыс әкелген, бұл көрсеткіш жалпы ішкі өнімнің 13% -ын құрайды. Биыл шетелдік туристердің осы елдегі шығыны 228,5 млрд дирхамға (62,2 млрд долларға) дейін 5,2% -ға өсуі ықтимал, ал жергілікті туристердің шығығы 4,3% -ға өседі және 60 млрд дирхамды (16,3 млрд долар) құрайды. Қалта телефонынан тіркеліп, түрлі платформалар арқылы өзге де қызметтер виза алу процедурасын жеңілдетіп, туристердің тартылуына ықпал етіп отыр. Тіпті, қонақүйлерге кірудің өзі ақылды жүйелермен жабдықталған – осылайша саяхатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр.