|
Туристердің ісін қарайтын сот ашылды
|
Біріккен Араб Әмірлігінде әлем бойынша тұңғыш рет туристердің ісін қарайтын сот пен прокуратура ашылды. Аталған құзырлы органның ашылуына вице-премьер әрі Абу-Дабидің Әділет департаментінің төрағасы, шейх Мансұр бен Заид әл-Нахайян пәрмен берген. Мұндағы мақсат елге туристерді көптеп тартуға саяды. Айта кетейік, аталған ел әлемде туристік сала бойынша бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көріну үшін осындай маңызды қадамға барды.