Туристер үшін әлемдегі ең қауіпті 50 қаланың тізімі жасалды
|
Мексика әлеуметтанушылары әлемде туристер үшін ең қауіпті 50 қаланың тізімін жасады. Бірінші орында Венесуэладағы - Каракас қаласы болып шықты. Бұл мегаполисте 2015 жылы әр 100 мың адамға шаққанда, 120 кісі өлімі болған. Өткен жылы Каракаста жалпы халық саны 3,3 миллион болса, 40 мыңға жуық адам өлтірілген.
50 қауіпті қалалардың ішінде 21-і Бразилияда, жетеуі - Венесуэлада, қалғандары - Гондурас, Мексика, АҚШ, ОАР, Ямайкада, - деп мәлімдеді Росбалт.
Қауіптілігі жағынан екінші орында Гондурастың ірі қалаларының бірі - Сан-Педро-Сула. Ол жерде әр 100 мың адамға шаққанда, 11 кісі өлімі орын алады. Үшінші орында Гондурастағы Сан-Сальвадор (100 мың адамға шаққанда, 108 кісі өлімі). Төртінші Мексикадағы Акапулько (105 кісі өлімі), бесінші Венесуэладағы - Матурин (86).
АҚШ-та төрт қауіпті қала тіркелді: бұл - Сент-Луис (60 кісі өлімі), Балтимор (55), Детройт (44) және Жаңа Орлеан (41). ОАР-да Кейптаун, Дурбан, Йоханнесбург қалаларына бармаған жөн, онда 100 мың тұрғынға шаққанда, жылына 66-дан 30-ға дейін кісі өлімі орын алады.
Ямайка астанасы - Кингстонда 2015 жылы 41 зорлап кісі өлтіру фактісі тіркелген. Соңғы орында 21 қылмыс құрбанымен мексикалық Обрегон тұр.
Ауыр қылмыс көп жасалған қалалар рейтингі Мексикадағы Қоғамдық қауіпсіздік және қылмыстық әділ сот азаматтық кеңесі сайтында жарияланды. Тізімге 300 мыңнан астам халықпен қалалар кірді. Бұрынғы КСРО елдерінің бірде-бір елдімекені рейтингке кірмеді.