Турист ретінде барып, сол елде жұқпалы індетке шалдықсаңыз, сізге 3000 доллар өтемақы тағайындайтын түркі мемлекеті
Турист ретінде барып, сол елде жұқпалы індетке шалдықсаңыз, сізге 3000 доллар өтемақы тағайындайтын түркі мемлекеті
4 жыл бұрын 3992 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан билігі елге демалуға келген туристердің өзбек жерінде жұқпалы індетке шалдықса, оларға 3000 доллар өтемақы тағайындайтынын мәлімдеді. Неге артық-кемі жоқ 3000 доллар? Өйткені, аурудан айығу үшін емделуге осынша қаражат кетеді. Өзбек билігі осылайша туристерді тартып, пандемия кесірінен орасан зор шығынға батқан туризм саласын осылайша жандандыруды көздеп отыр. Ұлыбританиядағы Өзбекстан елшісі Софи Ибботсон билік тарапынан туристердің денсаулығына қатысты кепілдік беретінін жеткізді. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиев тиісті жарлыққа қолын қойып, «Қауіпсіз саяхатқа кепілдік беріледі» деп аталатын науқан басталды. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Өзбекстан тек Орта Азияда ғана емес, сонымен қатар, әлем бойынша туризм секторы соңғы жылдары өркендеп, бұл салада жетістік биігінен көрінген елдер арасында көш бастап келеді. Десе де аталған ел аумағында ауыра қалған жағдайда мұндай өтемақыға ие болудың өз шарттары мен талабы барын айта кету керек. Тек осы талаптарды сақтаған жағдайда ғана өтемақы тағайындалады. Қандай талаптар дейсіз ғой? Біріншіден, тиісті орындардан, дәлірегі, үкімет тарапынан сертификатталған гидпен саяхаттау, екіншіден, үкімет мақұлдаған, тазалық талаптары мен эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары сақталған нысандарда (үйлерде, мейманханаларда, т.б.) тұру. Тағы бір айта кететіні, Өзбекстандағы халықаралық әуе қатынасы 2020 жылдың шілде айында жаңғыртылған болатын.

0 пікір
Мұрағат