Түріктердің камикадзе дроны пайда болды (видео)
Түріктердің камикадзе дроны пайда болды (видео)
2 ай бұрын 1244 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

AZAT FPV деп аталатын камикадзе дронын Robit Technology қорғаныс компаниясы құрастырды. Соққы беруге арналған ұшқышсыз ұшатын аппарат жаппай өндіру алдында тұр. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Ajansi ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. FPV (First Person View) технологиясы операторға көзілдірік немесе виртуалды шындық мониторы арқылы нақты уақыт режимінде (аралығында) ұшқышсыз аппараттың камерасынан алынған кескінді көру арқылы түрлі ұрыс жағдайында ұшқышсыз басқаруға мүмкіндік береді. Осылайша, оператор дронды дәл маневрлер жасау және кедергілерді оңай еңсеру үшін пайдалана алады. AZAT үнсіз жұмыс істейді және ұшу қашықтығы 4 шақырымға дейін жетеді. Ол әуеде 15 минутқа дейін бола алады. Ауыстырылатын антенналар жиынтығының арқасында дронды түрлі жағдайларға бейімдеуге болады. Ұшқышсыз ұшу аппараты толығымен Түркияда әзірленген ұшуды басқару бағдарламалық құралын пайдалана отырып, миссиясын қауіпсіз жолмен орындай алады. AZAT үш бірдей қорғаныс экранымен жабдықталған және GPS жүйесін пайдалануды қажет етпейтін жүйеде жұмыс істейді. Деректер сілтемесі ажыратылса да оны оператор көзілдірігі арқылы бақылауға және басқаруға болады. Жасанды зерде көмегімен ол алдын ала белгіленген нысанаға ешқандай байланыссыз шабуыл жасай алады, ал анықталмаса өзін-өзі жоюы мүмкін. AZAT-тың кейбір модификациялары, яғни, түрлендірілген нұсқалары 500, 750 және 1000 грамм жүкті көтере алады

0 пікір
Мұрағат