Түріктердің жұмсақ күші өз нәтижесін бере бастады (видео)
|
АҚШ-та тұратын мексикалық ерлі-зайыпты түріктердің әйгілі «Ертұрғыл» тарихи телесериалын көргеннен кейін исламға бет бұрған екен. Кино – идеологиялық қару. Аталған фильмнің әсерімен, тіпті, мұсылмандардың мәдениетін зерделеуге кірісіпті. Мексикалық ерлі-зайыптылар Лос-Анджелес қаласында аталған фильмде Әбдірахман Алпаның рөлін сомдаған актер қатысқан салтанатты жағдайда шаһадат айтып, тілдерін кәлимаға келтіріпті. Осыдан кейін оларға қасиетті Құранның испан және ағылшын тілдеріндегі тәпсірі тарту етілді. Естеріңізде болса, осыдан 10 ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Түркияның жұмсақ күші» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/turkiyanyn-jumsaq-kushi-11394#gsc.tab=0) материалымызда түріктердің жұмсақ күші сонау Османлы кезінен бері қолданылып келе жатқанын жазған болатынбыз. Соңғы уақытта Түркияның қайырымдылық шараларынан бұрын кино арқылы жұмсақ күш саясатын сәтті жүргізіп келе жатқанын айта кету керек. Жұмсақ күш саясатының түпкі мақсаты өзгелерді өз жағыңа тарту, өз мәдениетіңді бейсаналы түрде өзгеге таңу, осылайша өзге елде өзіңді жақтайтындардың қарасын арттыруға саяды. Бүгінде өзгелерді өзіңе қарумен, күшпен қарату ақпарат заманында тым қатерлі қадам саналады. Әлемдік державалар сол себепті жұмсақ күшке иек артады және осы мақсатта қырауар қаржысын бөледі. Өзінің ықпал ету аймағын кеңейту бағытында.